Кедей елдерде вакцина тапшылығына байланысты вирус өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедей елдерде вакцина тапшылығына байланысты вирус өршіп барады

22.06.2021

Кедей елдерде вакцина таусылып бара жатқандықтан, коронавирус өршіп отыр. Мәселен, өткен аптаның өзінде Африкада «ковид» жұқтыру мен одан қайтыс болу оқиғалары 40 пайызға өскен. Ал, осы індеттің тез жұққыш әрі аса қауіпті үндістандық варианты 92 елде анықталып, сегіз апта бойы азайған науқастар санын қайта көбейтуі мүмкін. Мұны Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Оның дерегінше, жер шарының 131 еліне халықаралық CoVax бағдарламасы арқылы 90 миллион доза ғана вакцина жіберілген. Бірақ, мұнша препарат пандемиядан халықты қорғауға мүлде жеткіліксіз болып тұр. Жақында «Үлкен жетілік» мемлекеттері дамушы елдерге 1 миллиард екпе бөлуге келісті. Алайда, көптеген фармацевтикалық компанияларда вакцина өндірісі кешеуілдеп және оны жеткізу жұмыстары түрлі кедергілерге тап болып, талай ел коронавирусқа қарсы иньекция тапшылығына душар болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу