Елімізде қатерлі ісіктен көз жұматын балалар азаймай тұр
Елімізде қатерлі ісіктен көз жұматын балалар азаймай тұр. Ал онкологиялық емдеу орталықтарында орын жоқ. 130 балаға арналған клиникада 150-ден астам науқас жатыр. Мәселені депутат Ақмарал Әлназарова Сенатта көтерді. Оның сөзінше, қауіпті дертке шалдыққан балаларды халықаралық стандартқа сай емдеуге бар мүмкіндік жасалған. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Алайда, осы дертке шалдыққандарды емдейтін екі орталықтың бірінің әбден тозығы жеткен. Түрлі қондырғылар 25 жылдан бері ауыстырылмаған. Депутат жаңа орталық ашу қажет дейді, себебі, ауыр дертпен күресіп жүрген бүлдіршіндер саны 5 мыңға жуықтаған. Жыл сайын 600-дей науқас бала тіркеледі.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қатерлік ісікпен ауыратын 40 баланы шетелге жіберу үшін 800 млн теңгедей қаражат қарастырылып отыр. Ол өте үлкен қаражат. Ал ол қаражат шетелге кетіп жатыр. Сол үшін біріншіден, жұмыс істеп жатқан медициналық медиатриялық орталығының ғимаратына қосымша ғимарат салу керек. Кем дегенде ол 200 төсек болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18