Астанада су тапшылығы қашан шешіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада су тапшылығы қашан шешіледі?

01.06.2023

Тағы бір өзекті мәселе тіршілік нәрі. Елордада су тапшылығы тамыз айында толықтай шешіледі. Ал үшінші су сорғы станциясы бүгіннен бастап кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында осылай деп жазды. «Кейбір тұрғын үй кешендерінде қиындықтар туындады. Қазір станцияны іске қосып, әрі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жүйені тексереміз. Содан кейін күніне 35 мың текше метр су береміз» деді қала әкімі.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу