Астанадағы су тапшылығын шешу үшін құрылыс жұмыстарын тоқтату қажет - сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы су тапшылығын шешу үшін құрылыс жұмыстарын тоқтату қажет - сарапшы

23.05.2023

Ал сарапшылар Астанадағы су тапшылығы мәселесін шешу үшін қаладағы құрылыс жұмыстарын толығымен тоқтату қажет деп есептейді. Олардың пікірінше, үшінші су сорғы станциясы іске қосылған күннің өзінде бүкіл қаланы тіршілік нәрімен қамтуға қауқары жетпеуі мүмкін. Ал Астанада халық саны да, баспана құрылысы да күн санап артып барады.

Әлібек Қашкеев, сарапшы:

Хан Шатырдың арғы жағындағы үйлерді алайық. Қаланың бас жоспарына сәйкес, бұл баспаналар мұндай биік болмауы керек еді. Яғни халық саны жоспардағыдан көп деген сөз. Су тапшылығын шешу үшін қазір құрылыстың бәрін тоқтатып, аудит жүргізу қажет. Қаланы толық коммуналдық қызметпен қамтитын станциялар салынған соң ғана құрылысқа рұқсат берген дұрыс.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу