Жамбылда осыдан 2 жыл бұрын болған жарылыстың жаңғырығы әлі басылмай тұр. Әскери қоймадағы апатқа қатысты сот процесі жүріп жатыр.
Данияр Әлімқұл, тілші:
28/349 Әскери бөлім қоймасындағы қопарылысқа қатысты көшпелі сот отырысы наурыз айының 7-де басталған болатын. Содан бері Тараздағы 85 те 395 әскери бөлімінде 40-қа жуық сот отырысы өтті. Ал жарылыстың жалпы шығын көлемі 26 миллиард теңгеден асатыны осы соңғы сот процесінде айтылды.
Жалпы судьялар қарауына 850 томдық іс түскен. Екі айдан бері жалпы саны 250 адам куәгерлік етуде. Жауап алынғандар 6 адам айыпты ретінде танылған. Олардың бірі әскери қойманың бұрынғы командирі екен. Сондай-ақ тағы 4 офицер мен 2-і сарбаз бар.
Айыптылар «өз жұмысына салғырттық таныту, қару-жарақты сақтауда қауіпсіздік ережелерін ескермеу» бабы бойынша сұралуда. Жалпы куәгерлерден жауап алу алдағы екі аптада аяқталмақ. Еске салайын, Байзақ ауданында болған жарылыстан 18 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды.
Данияр Әлімқұл