НАТО Косоваға бітімгер күштерін жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО Косоваға бітімгер күштерін жібереді

31.05.2023

НАТО Косовоның солтүстігіне қосымша 700 әскери қызметкер жібермек. Әскери альянс жетекшілігінің мәлімдеуінше, бұл - елдегі зорлық-зомбылықты, бейбітшілікке нұқсан келтіретін әрекеттерді тоқтатуға бағытталған. 

Косовода дүйсенбіде шеруге шыққан себептермен болған қақтығыстан НАТО-ның 30 бітімгері жараланды. Соңғы жаңалықтарға сай, Звечан қаласында ахуал әлі шиеленіскен күйінде қалып отыр. Мұндағы жағдайдың ушығуына жергілікті сайлауда этникалық албан өкілдерінің жеңуі себеп болды. Бұған наразы болған серб өкілдері шеруге шыққан.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу