АҚШ Еуропадағы әскерін күшейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Еуропадағы әскерін күшейтпек

30.06.2022

Америка Құрама Штаттары Еуропадағы әскерін қосымша жауынгермен, соғыс ұшақтарымен, кемелерімен күшейте түспек. Бұл туралы НАТО-ның Мадрид саммитінде президент Джо Байден мәлімдеді.

Оның сөзінше, америкалық контингенттің мақсаты – Балтық елдері мен Польшаны, Румынияны болашақта Ресейдің басқыншылығынан қорғау. Қазірдің өзінде Еуропада Американың 100 мыңдай сарбазы шоғырланған. Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания және басқа да одақтастар қажет болған жағдайда шығысқа қарулы күштерін жөнелтуге дайын отырмақ.

Айта кетсек, осы форумда НАТО Ресейді «тікелей қауіп», Қытайды өзінің демократиялық құндылықтары мен мүдделеріне және қауіпсіздігіне сынақ деп атады.

Және де альянс қарулы жанжал басталса шұғыл әрекет етуі тиіс күштерінің санын 40 мыңнан 300 мыңға жеткізетінін жариялады. Бұған қоса, НАТО Украинаға ұзақ уақыт бойы әскери және қаржылық көмек беруге уағдаласып, Финляндия мен Швецияны өз қатарына қосылуға ресми түрде шақырды.


Хабарламаларға жазылу