Алматыда емхана қызметкерлері 79 миллион теңге жымқырған
Алматыдағы емхана басшысы мен оның бас есепшісі және кадр бөлімінің инспекторы жеті жыл бойы ұйымдасқан қылмыспен айналысып келген. Олар емханада мүлдем жұмыс істемейтін 19 адамды «еңбек етіп жүр» деп көрсетіп, жалақыларын өздері алып отырған. Осындай қитұрқылыққа барған мамандар мемлекетке 79 миллион теңге шығын келтірді. Медеу аудандық соты үкім кесті.
Айәділ Сайлаухан, Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің Бас маманы:
Мемлекетке келтірілген залалды өтеу шараларын ескере отырып, сот кадр бөлімінің инспекторы мен Бас бухгалтерді 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырды.Сот Бас дәрігерге 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05