Сарапшы: Саяси реформалар инвестициялық ахуалға оң әсер етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Саяси реформалар инвестициялық ахуалға оң әсер етті

30.05.2023

Қазақстан әрқашан дербес, көп векторлы саясат жүргізіп келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда да бұл ұстанымнан айныған жоқ. АҚШ астанасы Вашингтонда елімізде жүріп жатқан саяси экономикалық реформаларды талқылаған сарапшылар осындай пікір білдірді. Мамандар Еуразия құрлығындағы геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан Қазақстанда саяси экономикалық даму жолынан жаңылмады дейді. Соңғы жылдардағы елді одан әрі демократияландыру бағытындағы батыл өзгерістер аймақтағы ТМД елдеріне үлгі боларлық. Бұл елдің инвестициялық ахуалына да оң әсер етіп жатыр.

Ариэль Коэн, Атлантикалық сараптама одағының ғылыми қызметкері:

Қазақстаның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі алғашқы жылдардағы 2 мың доллардан 10-12 мың долларға дейін көтерілді. Даму қарқыны анық көріп тұр. Соңғы жылдары экономикалық реформалар, бюрократия азайту, жемқорлықпен күрес тұрғысынан көптеген жетістіктер болды. Орта табысты елдер қатарынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің елдері қатарына қосылды.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу