Боаостық Азиаттық форум ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боаостық Азиаттық форум ашылды

11.04.2018

Қытай реформалар мен сыртқы әлемге ашықтық саясатын жалғастырады. Бұл жайында бүгін Қытай Халықтық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Боаостық Азиаттық форумның ашылу салтанатында жариялады.

Қытайлық лидердің мәлімдеуінше, осы бағыт сол елге ғана емес, бүкіл әлемге айтарлықтай әсер етті. Сондықтан, ол Қытайдың құнды қағаздар нарығындағы, банк және сақтандыру жүйесіндегі шетел капиталдарының үлесін шектеуді тоқтатуды уәде етті. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қытайда шетел компаниялары үшін инвестициялық климатты жақсарту жалғасады деп мәлімдеді.

Қанат Алпысбаев, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы:

- Жалпы, 5 жылда біз трансеуразиялық құрлықтағы бағыттар бойынша жақсы прогресске жеттік. Статистикаға жүгінсек, Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағытымен 2011 жылмен салыстырғанда транзит 200 есе дерлік өсті. Инфрақұрылымдық негіз бар, ынта бар, сондай-ақ, құрлықтағы еуразиялық дәліздерді дамыту бойынша үлкен жоспарлар бар.

 

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу