«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды

30.05.2023

«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды. Үкімді Абай облысы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жариялаған. Мемлекеттік мекеменің 3 басшысы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты, кәсіпкерлерден жүйелі түрде 700 мыңнан - 13 млн теңгеге дейін пара алды деп айыпталды. Кәсіпкерлер заңсыз сыйақыны лауазымды тұлғаларға резерват аумағында санитарлық тазалау мен ағаш кесуге рұқсат бергені, мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойғаны, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін берген. Резерваттың 3 басшысы 10 жылға сотталды, ал 5 пара беруші пара бергені үшін кінәлі деп танылып, 1,5 жылдан 3,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталған адамдар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу