Елімізде ұшқышсыз басқарылатын аппарат сынақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ұшқышсыз басқарылатын аппарат сынақтан өтті

29.05.2023

«Skylark 1-LEX» ұшқышсыз басқарылатын аппараты елімізде алғаш рет көкке көтерілді. Алғашқы сынақ Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері институтының әуе айлағында жасалды.

Қондырғы әскери мақсатта қолданылады. Яғни, орталықты күндіз де, түнде де нақты уақыт режимінде барлау деректерімен қамтамасыз етуге арналған. Курсанттар жаңа техниканың мүмкіндіктерін екі жыл бойы зерттеп, басқаруды меңгерді. Ұшу аппараты қанатын жайғанда 3 метр болады. Салмағы 8 килограмм шамасында. Ал жылдамдығы сағатына 90 километрге дейін жетеді. 3 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеуге қауқарлы. Қазір бұл аппарат әлемнің ондаған елінің қорғаныс жүйесінде қолданылады.

Нұрлыбек Сейітов, Әуе қорғаныс навигациясы және авиация басқару зертханасының бастығы:

Ең алғашқы мақсаттарының бірі ол – барлау. Барлық тактикалық, іс жүзінде барлап, әскери нысанның, техниканың барлығын көрсетуге арналған. Ұшу биіктігі 500 метрден 1 200 метр аралығында. Оның ұшу уақыты 180 минутқа дейін.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу