Режеп Тайип Ердоған Түркияның 13-ші президенті болды
Түркиядағы Президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтті. Жоғарғы сайлау комиссиясының алдын-ала қорытындысы бойынша Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Яғни қазіргі Президент Режеп Тайип Ердоған 52,2 ал оның қарсыласы оппозициялық блок өкілі Кемал Кылычтароғлы 47,8 пайыз дауыс жинаған. Халықаралық ұйымдар сайлаудың барлық талаптарға сай өткенін жариялады. Екінші турда дауыс беру құқығы бар 60 миллионнан аса адамның 85 пайызы сайлауға қатысқан. Осылайша Режеп Тайип Ердоған Түркияның 13-ші президенті болды. Ал Ердоғанның жақтастары түні бойы жеңістерін тойлады. Қала көшелерінде автошеру жасап, алаңдарда митингілер өткізді. Сайлаудың ресми қорытындысы 31 мамыр күні жарияланады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19