Еуропа қазақтарының Германиядағы құрылтайы сәтті аяқталды
Еуропа қазақтарының Германиядағы құрылтайы сәтті аяқталды. Мәртебелі шараның үшінші күні жат жердегі қандастарымыз қазақстандық музыканттардың концертін тамашалады.
Өнерлерімен шет елдің үздік сахналарын бағындырған таланттар Абайдың әндерін, халық әндерін шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Домбыра мен қобыздың қоңыр үні ұлттық өнерге сусаған қандастардың делебесін қоздырды. Ән мен күйден шашу шашқан жас өнерпаздардың талантына шеттегі ағайын қошаметті жаудырды.
Селма Шалышқан, Кельндегі қазақ мәдени орталығының мүшесі:
Біз үшін жақсы бір қуаныш. Бүгін Қазақстаннан келген әншілерді көріп, қатты қуанып жатырмыз. Қазақшылығымызды ешқашан ұмытпаймыз. Қайда жүрсекте қазақпыз. Қанымыз қазақ, сөзіміз қазақ.
Алтын Малавакан, Франциядағы қазақ диаспорасының мүшесі:
Біз әр заман Қазақстанға баратын едік. Бұл жолы Қазақстан біздің ауылға келді. Сол үшін мен өте қуаныштымын. Елге барып келгендей, туыстарымды көріп келгендей.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы пара каноэден 12 медаль жеңіп алды
08.06.2026, 13:33
Бозжыраға екінші визит орталығын сала бастады
08.06.2026, 13:30
Травматологиялық көмек көрсету тәртібі жаңарды
08.06.2026, 13:27
Жазда ішек инфекциясы көбейеді
08.06.2026, 13:24
Алматыдағы апат: Куәгерлерден жауап алынды
08.06.2026, 13:21
Арыс қаласында мас жүргізуші 5 адамды қағып кеткен
08.06.2026, 13:18
6 жастағы бүлдіршіннің денесі Сырдариядан табылды
08.06.2026, 13:15
Конгода эбола жұқтырғандар көбейіп барады
08.06.2026, 13:12