Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігін ашқан жолаушы тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда ұшақтың есігін ашқан жолаушы тұтқындалды

27.05.2023

Оңтүстік Кореяда ұшып бара жатқан ұшақтың есігін ашып жіберген адам тұтқындалды. Соңғы мәліметке қарағанда, оның әрекетінен борттағы 194 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген.

Жасы 30-дар шамасындағы ер адам қонуға бет алған лайнерден тезірек түскісі келіп, осындай әрекетке барғанын айтады. Секіріп кетуге шақ қалған оны өзге жолаушылар мен экипаж мүшелері тоқтатқан.Тергеушілердің сөзінше, ұсталған азамат жақында жұмысынан айрылған. Сондықтан күйзеліске ұшыраған болуы мүмкін. Өйткені тергеу барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай отырған көрінеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу