Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды

26.05.2023

Ролан Гаррос турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды. Еліміздің бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі немесе арнайы шақырту алған теннисшімен ойнайды. Ал Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған бельгиялық Марина Заневскаямен шеберлік байқасады. Ерлер арасында Александр Бубликтің қарсыласы іріктеу аяқталған соң нақтыланады. Негізгі турнирге шығуға жерлесіміз Тимофей Скатовтың мүмкіндігі бар. Ол бүгін іріктеу сайыстарының финалында бразилиялық спортшымен жолдамаға таласады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу