Президент Абу Даби шейхімен кездесті
Мемлекет басшысы Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянды қабылдады. Кездесуде екі елдің сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердегі компаниялардың мүмкіндігі мен тәжірибесі мол екенін айтып, оларды ауыл шаруашылығы, энергетика, мұнай химиясы, тау-кен өндірісі, көлік және логистика, туризм салаларындағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Араб Әмірліктері – біз үшін ислам әлеміндегі сенімді әрі басты стратегиялық серіктес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан бауырлас ел. Мұны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Әмірліктердің ел көркеюіне қосқан үлесін достық пен тығыз ынтымақтастықтың жарқын бейнесі деп қабылдаймыз.
Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі:
Бүгінде халықаралық және аймақтық жағдайларға қарамастан, көптеген салада ынтымақтастығымыз нығайып келеді. Бірлескен инвестициялық жобаларымызды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге және Қазақстан үкіметіне ризашалығымызды білдіреміз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10