Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылды

26.05.2023

Активтерді сыртқа заңсыз шығарды деп айыпталған 11 қылмыстық топқа қатысты тергеу жүріп, 22,8 млрд теңге қайтарылды. Күдіктілерден құны 344 млрд теңге болатын мүлік бұғатталды. Шығын 445 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ мемлекетке 4 ірі нысан қайтарылды. Тағы 9 ұйымдасқан топқа қатысты тергеу амалдары жуырда аяқталып, 100 миллиардтан астам қаржы өндірілді. Арасында Қайрат Боранбаев пен «Eurotransit Nur Zholy» серіктестігінің бұрынғы басшылары бар. Былтырдан бері шетелге заңсыз шығарылған 760 млрд теңге қайтарылған. Бұл туралы Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық органдары комитеті мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қатысуымен өткен көшпелі отырыста айтылды.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ол осы соңғы 1,5 жылда атқарылған жұмыстың нәтижесі. 760 млрд теңгенің ішіндегі 575 млн доллар ақша шетелдегі азаматтардан немесе заңды тұлғалардан қайтарылған активтер.

Сенаторлар Полиция Департаментінің басшыларымен де кездесті. Есірткі құралдар мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, осы бағыттағы заң жобалары талқыланды.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу