Жетісу облысының бір жылдағы дамуы туралы тұрғындар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысының бір жылдағы дамуы туралы тұрғындар пікірі

25.05.2023

Жетісу облысының құрылғанына маусым айында бір жыл толады. Аймақ ауылшаруашылығына ден қойып, өнеркәсіп саласын дамытуға да басымдық беріп отыр. Мұнан бөлек, баспана құрылысы, туризм, орта және шағын бизнесте жаңадан жұмыс орындары ашылып, жол жөндеу жұмыстары да қарқын алған. Облысқа 44,4 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Алайда, жетісулықтардың пікірі әрқилы. Бірі облыс бөлінгелі өзгеріс болмады десе, енді бірі өркендеу/ бар деген ойда.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу