Биыл мол астық жинауға мүмкіндік бар
Биыл мол астық жинауға мүмкіндік бар. Егіс алқаптарында ылғалды сақтау бойынша жұмыстар уақытында жасалды. Сенатта ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Қарашөкеевтің сөзінше, жем-шөп тапшылығы да болмайды, арнайы жол картасы әзірленген. 2021 жылы батыс өңірлерінде болған құрғақшылық биыл қайталанбайды, мал шаруашылығы өседі деп жоспарланып отыр. Ал, суды үнемдеу мақсатында мақта алқабы 15 мың гектарға қысқарған. Оның орнына жаңа дақылдар егілмек. Қазір ел бойынша 26 млн гектардан аса егістік жер бар. Соның 13 пайызында ғана тамшылатып суару әдісі қолданылады. Осы бағытты дамыту үшін Қазақстанға әлемдегі көшбасшы компаниялар тартылмақ.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
VODAR компаниясы ол Қытайда көшбасшы. Қытайда ең көп шығаратын зауыт. Ол биылғы жылдың аяғына дейін зауытты іске қосып, жаңағы жаңбырлатып суаратын машиналарды шығаруды бастайды. Ал, AFKO компанияны алсақ, ол да белгілі. Әлемге әйгілі машиналарды өндіруші. Ол Атырау облысында осы зауытты соғады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05