Абай облысы Бородулиха ауданындағы үш тәулікке созылған орман өрті бүгін басылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Отқа оранған аумақтағы жалын ошақтары түгел сөндірілген. Алайда мамандар қозданып жатқан жерлерді толықтай жойғанша, жұмысты жалғастыра бермек. Сондай-ақ бүгін үкіметте табиғи өртпен күресуге қажет техника сатып алу туралы шешім қабылданды. Төтенше жағдайларды жоюға арналған тікұшақтарға 26 су шашу құрылғысы алынатын болды. Ол үшін 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Сондай-ақ адамдарды қауіпті аймақтардан көшіруге қажет Ми-8 тікұшақтары сатып алынбақ.
Абай облысы Бородулиха ауданындағы үш тәулікке созылған орман өрті бүгін басылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Отқа оранған аумақтағы жалын ошақтары түгел сөндірілген. Алайда, мамандар қозданып жатқан жерлерді толықтай жойғанша, жұмысты жалғастыра бермек. Сондай-ақ, бүгін үкіметте табиғи өртпен күресуге қажет техника сатып алу туралы шешім қабылданды. Төтенше жағдайларды жоюға арналған тікұшақтарға 26 су шашу құрылғысы алынатын болды. Ол үшін 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінЕді. Сондай-ақ адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялауға қажет МИ-8 тікұшақтары сатып алынбақ.
Димитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
Өрттің үш ошағында да жалын сөндірілді. Қазір жанып жатқан жоқ. Таңертең тікұшақпен аумақты бақылап шықтық. Бірақ мұнда жұмыс әлі бірнеше күнге жалғасады. Ауа-райы да қолайсыз болып тұр. Бықсып жатқан қалдықтар, қайта тұтанып кетпеуі керек. Бәрі толықтай өшірілгенше жұмыс істей береміз.
Бүгін табиғи апат болған ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Тілсіз жаудан келген шығын көлемі әзірге белгісіз. Дегенмен, өрт өшіруге кеткен материалдық шығын мемлекет қорынан төленеді. Өрт ошағына ең жақын орналасқан БерИОзовка ауылының 108 тұрғыны апат кезінде үйлерін тастап көрші ауылдарға кеткен еді. Елді мекенге полицейлер бірнеше күн адамдарды өткізбеген. Бүгін қауіп сейілген соң тұрғындардың кейбірі үйлеріне келе бастады.
Игорь Скворцов, Березовка ауылының тұрғыны:
Міне, келдік бүгін. Мүмкін үйге қонамыз ба деп ойлап тұрмыз. Бірнеше күн ауыл кіре берісінен тәртіп сақшылары жібермеген. Бүгін өткізді. Бау-бақшамды суардым. Тосып жүрмін. Кешке мүмкін қайта кетіп қаламыз ба, кім білсін?!
Ержан Жақып