Петропавлда жатақхананы тапсыру мерзімі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жатақхананы тапсыру мерзімі кейінге шегерілді

25.05.2023

Петропавлда студенттерге арналған 2 жатақхананы тапсыру мерзімі кейінге шегерілді.

Құрылыс қарқынының баяулығына мердігердің жауапсыздығы себеп. Мәселен, қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған жатақхананың іргетасы 2020 жылы қаланған. Былтыр тапсырылуы керек еді. Алайда жоспар екі рет өзгертіліп, құрылыстың аяқталу мерзімі биылғы жылдың тамыз айына ауыстырылды. Материалдардың қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттар қайта қаралып, қосымша қаржы бөлінді. Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжі студенттеріне арналған жатақхана да, уақытында тапсырылмады. Қос нысанның құрылысына 2 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ.

Қанат Құжымбаев, Облыстық құрылыс басқармасының бөлім жетекшісі:

Құрылыс компаниясы жұмыс кестесінен айтарлықтай кешікті. Сондықтан 2021 жылы келісімшарт тоқтатылды. Іс сотта қаралып, тапсырыс беруші тарап жеңіп шықты.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу