Семейдегі биологиялық орталықта сілеусінді қасқыр талап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі биологиялық орталықта сілеусінді қасқыр талап өлтірді

03.02.2020

Семейдегі биологиялық орталықта Қызыл кітапқа енген сілеусінді қасқыр талап өлтірді. Мысық тұқымдас жыртқыш бір апта бұрын қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен ұсталған болатын. Қала ішіне еркін кіріп, мекендеп алған түз тағысын ветеринар мамандар аулап, биологиялық орталыққа уақытша өткізген еді.

Алайда орталықта жыртқышты ұстайтын арнайы орын болмағандықтан, мамандарға оны қасқыр тұрған торға қатарластырып қамауға тура келген. Салдарынан бірнеше күн өткеннен кейін арлан тордың екінші жағында тұрған сілеусінді талап мерт қылған. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу