Абай облысында 1500 га орман алқабы жанып кетті
Абай облысында табиғи орман резерваты аумағындағы өрт толық сөндірілген жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға ұйытқып соққан жел бөгет болды дейді мамандар. Соңғы ақпаратты өңірдегі тілшіміз Ержан Жақып жеткізеді.
Ержан Жақып, тілші:
Бородулиха ауданның аумағында тұтанған қалың өрт түске дейін 1100 гектарды шарпыды. Түс ауа қызыл жалын 1500 гектар аумақты күлге айналдырды. Алайда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тілсіз жаудың таралуын тоқтатты. Дегенмен толық сөндіру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Жақын маңдағы елді мекен тұрғындарына ескерту берілді.
Димитрий Гариков, облыс әкімінің орынбасары:
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Дегенмен жақын ауылдарға арнайы автобустар жеткізіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін дайын болдық. Өрт болған жерге ең жақын Ивановка ауылы мен «Березовка» шипажайындағы барлық адамдарға ескерту жасадық. Арнайы құрылған штаб, толықтай өрт сөнгенше жұмысты жалғастырады.
Ержан Жақып, тілші:
МИ-873 және МИ-8 тікұшақтары әуеге 40 шақты рет көтеріліп, өрт ошақтарын сөндірді. Жалынның бетін қайтару үшін 90 техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылған. Мамандар тілсіз жауды толық ауыздықтағанша жұмысты жалғастыра береміз деп отыр. Әзірге өрттен келген шығын көлемі белгісіз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09