Елімізде кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе азайды

23.05.2023

Елімізде кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе азайды. Биыл мұндай 40 дерек тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен бизнесті қорғау мәселелері бойынша арнайы кеңесте айтылды. Кешенді іс-шаралар нәтижесінде 1260 бизнес иесі әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Жиында осы бағытағы жұмыстар үшін цифрлық технологияларды енгізу мәселесі пысықталды. Прокурорлардың алдына нақты міндеттер қойылды. Оларға әрбір маңызды инвестициялық жобаға жеке қызметкерлерді бекіту тапсырылды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу