Леңгірде оқушылар мен жазасын өтеушілер бір ғимаратта отыр
Оқушылар жұмыссыздар мен қылмыстық жазасына байланысты пробация есебінде тұрған азаматтармен бір ғимаратта отыр.
Түркістан облысы Ленгр қаласындағы №4 мектептің бірінші қабатына жұмыспен қамту орталығы мен пробация мекемесі жайғасқан. Жазасын өтеушілер мұнда айына бір рет келіп белгіленіп кетеді. Ал ғимараттың екінші және үшінші қабаттында бастауыштың 18 сыныбы, яғни 400-ге тарта бүлдіршін оқиды. Денешынықтыру сабағында балалар дәлізде шешініп киінуге мәжбүр. Ең қиыны, оқушылардың сабақ үлгеремі төмендеп кеткен. Келер оқу жылында сабақ үш ауысыммен өтуі ықтимал дейді ұстаздар.
Жасұлан Қарабаев, мектеп директорының орынбасары:
Ғимараттың тарлығы, біріншіден, қосымша жұмыс істеуге, сыныптан тыс шаралар өткізуге жағдай жасалмаған. Балалардың қауіпсіздігі, екіншіден антитерорлық іс-әрекетке байланысты мектеп қауіпсіздігі және жайлы мектепке байланысты жұмыстар жүргізілмей отыр.
Мадина Тұрғынбаева, ата-ана:
Үйреймен жібереміз де, үйреймен күтіп отырамыз. Жазасын өтеуішлер және жұмыссыздар бұл жерде біздің балаларымызбен аралас-құралас болып жатыр. Олар әңгімеге тартып, әртүрлі іс-қимылдарға тартуы мүмкін.
Мектеп ғимараты жергілікті әкімдіктің меншігінде. Бұл мәселені ұстаздар мен ата-аналар қанша рет көтергенімен, билік әлі күнге оны шешуге құлықсыз.
Бекайдар Тойлыбаев, Төле би ауданды адами Әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы:
Аудан әкімімен отырып сөйлестік. Қыркүйекке дейін сөз берді ескі ауруханадан қарастырып жатырмыз деп. Сондықтан мәселені қатты көтермеңдер деген. Бірақ қазірге дейін жазбаша жауап келген жоқ.
Ғани Қалмаханов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
