Абай облысындағы өртті өшіруге тікұшақтар жұмылдырылды
Абай облысында «Семей Орманы» табиғи орман резерваты аумағында тұтанған өрт әлі сөндіріліп жатыр. Ресейдің Алтай аймағында басталған дала өрті Семей орманына дейін тарап үлгерген. Мамандар тілсіз жау 1100 гектар жерді отқа оранғанын айтып отыр.
Ержан Жақып, тілші:
Кешелі бері «Семей Орманы» аумағында қарағайлы алқапта тұтанған қызыл жалынның таралуы түске таман тоқтатылған. Алайда аумақтағы өртті толықтай сөндіру әлі жалғасып жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін қазір екі учаскеде мамандар жұмыс істеуде. Ол үшін 90 техника мен 280-ге жуық маман жұмылдырылған. Қызыл жалын бой бермеген соң таңертең өрт сөндіру пойызы мен тікұшақтар шақырылған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің МИ 873 және Орманды қорғау қызметінің МИ-8 тікұшақтары әуеден отты сөндіруде. Табиғи апатқа қатысты тың ақпараттар болса алдағы жаңалықтарымызда бөлісетін боламын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09