Шымкентте өсімдіктен электр қуатын өндіру жобасы қолға алынды
Шымкент қаласында өсімдіктен электр қуатын өндіру жобасы қолға алынды. Жас ғалымдар жасыл желектің бойындағы фотосинтез процесі кезінде бөлінетен энергияны жинақтап пайдалануда. Яғни өскіндер күн шуағынан алған қуатының артығын топыраққа сіңіреді. Ғалымдар оны электродтар арқылы аккумляторға қайта жинақтайтын тізбек құрастырған. Өсімдіктерден алынаған қуат мөлшері әзірге гаджеттер мен қалта телефондарын қуаттауға ғана жетеді. Жас өнертапқыштар қазір жобаны жетілдіру үстінде. Ғылыми ізденіс өсімдіктерден неғұрлым мол энергия өндіруді көздейді. Сол арқылы елімізде жасыл эконоиканы дамытуға үлес қоспақ. Ғылыми жоба стартап байқауында үздік деп танылды.
Маржан Сыздықова, докторант:
Бірнеше өсімдік түрлерін алдық. Соның ішінде ең қолайлысы бізге сансевиерия мен хлорофитум хохлатый өсімдік түрлері сәйкес келді. Өйткені бұл өсімдіктердің құрамында фотосинтез процесі өте қарқынды жүрді. Алдағы уақытта жоспар – дала өсімдіктерін пайдалану арқылы бұдан да үлкен қуатты энергия көзін алуға болатынын дәлелдеу.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17