Елде мемлекет қаржысына бақылау күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде мемлекет қаржысына бақылау күшейтіледі

23.05.2023

Мемлекеттің қаржысы қалай, қайда жұмсалып жатқанын толыққанды ашық көретін күн алыс емес. Қазір сол үшін Қаржы министрлігі мемлекеттік жоспарлау, қазынашылық, салық жүйелеріндегі деректерді бір-бірімен байланыстыруда.

Бүгін осы мәселені қаузау үшін Алматыда Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия мен ТМД елдерінен сала мамандары жиналды. Олар өзара қазынашылыққа қажет цифрлы технологиядан бастап бюджетті орындаудың әртүрлі модельдерін талқылауға кірісті. Халықаралық жиын 4 күнге жалғасады.

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Бұл жүйені әрі қарай дамыту басқа жүйелермен интеграция жасау арқылы жүзеге асырылуы керек. Бұл ретте біз үшін Оңтүстік Корея елінің тәжірибесі өте қызық. Бұл мемлекетте мемлекеттік дереккөздер мемлекеттік жүйелер толық автоматтандырылған.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу