Астаналықтар 4 айдан бері судан таршылық көріп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар 4 айдан бері судан таршылық көріп жүр

22.05.2023

Құбырлардың жиі жарылуынан тұрғындар айлар бойы сусыз қалып отырғанын Үкімет басшысының өзі айтып отыр. Жалпы күн жылығалы Астана мен Алматыда ауыз су өшірілсе, кей аймақ тіршілік нәрінен жылдар бойы тарығып келеді. Бас қалада соңғы уақытта ауыз су тапшылығы байқалып отыр. Тіпті бірнеше тәулік сусыз отырған тұрғындар да бар.

Айя Мүтәлі, тілші:

Астаналықтардың судан таршылық көріп жүргеніне шамамен 4 айдан асты. Әуелде тек жексенбі күні түнгі уақытта өшірілетін су қазір мүлдем тоқтап қалатын болған.

Ал елордалықтар демалыс күндері тіршілік нәрінсіз қиын, әбден берекеміз кетті деп шағымданып жүр.

Дәл осылай ыдыс көтеріп, көшеде су іздеген астаналықтарды жиі кездіруге болады. Бұған дейін жауапты компания мұны халық санының өсіп, қалада құрылыс жұмыстарының көбеюімен байланыстырып келді. Мәселені шешу үшін қалаға су беру тәртібін кестемен бекітті. Десе де, бау-бақша суарататын маусым басталғалы жағдай одан ары қиындаған. Әсіресе су көбірек тұтытанатын демалыс күндері қоймаға келген суды тазартып үлгермейміз дейді жауаптылар.

Жанна Досжанова, «Астана су арнасы» МКК сорғы-сүзу станциясының жетекші инженер – технологы:

Бау-бақшаны суарады. Біздің айтатынымыз, ауыз сумен негізі олай істеуге болмайды. Бізде  жаңа кесте шығарды. Ол 23:00-ден бастап таңғы 6:00-ге дейін осы ауыз сумен бау-бақшаны суаруға болады.

Айя Мүтәлі, тілші:

1,5 млн халық үшін қалада 2 су сорғы станциясы ғана жұмыс істейді. Олар тәулігіне 330 мың текше метр суды тазартып отыр. Ал қалаға 20 мың тоннаға артып, яғни 350 мың текше метр су қажет. «Астана су арнасы» мәселені шешу үшін үшінші сорғы-сүзгі станциясын күзге дейін іске қоспақ. Қуаттылығы 105 мың текше метр болатын жоба биылғы қажеттілікті толық өтейді деп жаспарланып отыр. Астанадағы су тапшылығын сонда мүлдем жойылады дейді.


Хабарламаларға жазылу