Астанада ауыз су тапшы
Құбырлардың жиі жарылуынан тұрғындар айлар бойы сусыз қалып жатыр. Биылдың өзінде осы мәселеге қатысты халықтан тек ресми түрде 9 мыңнан аса шағым түскен. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтегі кезекті жиында мәселені көтерді.
Ол келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елдімекен бойынша жобалау құжаттарын биыл пысықтауды міндеттеді. Сондай-ақ елдегі 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Әлихан Смайылов, Қр Премьер-Министрі:
Қазір 600 мыңнан астам азаматымыз ауыз суға мұқтаж. Бұл аса ауқымды және маңызды жұмыс. Алайда оған барлығы бірдей жауапкершілікпен қарап отырған жоқ. Сондықтан су мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір, әсіресе ең төменгі көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06