Таразда боксшылар баспаналы болды
Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа су жаңа соғылған тұрғын үй кешенінен баспана берілді.
Бұған дейін Байзақ ауданында тұрып келген Асланбек енді қаладағы пәтеріне қоныс аударуды жоспарлап отыр. Ал Тараздағы 10 шағын ауданында тұратын Дулат бірден жаңа үйіне көшетінін айтады. Спортшылардың жеке бапкерлері де сый-сияпаттан құр қалмады. Алтын алған Асланбектің жеке жаттықтырушысы Ермек Ертаевқа 5 млн, ал шәкірті күміспен күптелген Нұрлан Ақүрпековке 3 млн теңгенің сертификаты табысталды.
Асланбек Шымбергенов, Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы:
Жеке жаттықтырушым Ермек Ертаевқа үлкен рақмет. Осы жарысқа дайындап, мені баптап апарғаны үшін. Әрине, жарыс оңай болған жоқ, бар күшімізді салдық. Алдымен көптеген еңбек еттік. Сол бір Алланың қалауымен жеңіске жеттік. Өте қуаныштымын қазақ елін жеңіспен қуантқаныма.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14