Мемлекеттік тілді оқытуда бірізділік жоқ

25.04.2014
Мемлекеттік тілді оқытуда бірізділік жоқ

«Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік ерекшеліктері мен проблемалары». Өскеменде осындай атаумен ғылыми-тәжірбиелік семинар өтті.
  
 Өңіраралық ықпалдастық аясында ұйымдастырылған шараға Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қазақ тілін оқыту орталықтары мен Тіл комитетінің өкілдері қатысты.
  
 Қазіргі уақытта еліміз бойынша ересектерге қазақ тілін оқытатын мекемелерде ортақ бағдарлама жоқ. Жиналғандар пленарлық отырыс барысында осы сияқты бірқатар проблемаларды талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.
  
 Бұдан соң, секцияларға бөлініп, өз жұмыстарындағы жетістіктерін ортаға салып, тәжірбие алмасты.
  
Бижомарт Қапалбек, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталық директоры:
Мектепте оқиды, жоғары оқу орнында оқиды. Сосын мемлекеттік қызметте отырып қайтадан бастауыш деңгейден бастайды. Осы жері проблема болып тұр. Әр өңірде әртүрлі бағдарламамен оқытады, бірізділік жоқ. 
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу