ДДСҰ өкілі: Қазақстан тәжірибе алаңына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ өкілі: Қазақстан тәжірибе алаңына айналды

22.05.2023

Қазақстан медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөнінен әлемге үлгі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай дейді. Себебі Алматы облысында ашылған көрсетілім алаңы мамандарға халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл алғашқы медициналық көмекті трансформациялауға жол ашады. Елімізге арнайы келген Тәжікстанның делегациясы осы тәжірибені меңгеріп, өздеріне енгізуге ниетті. Дөңгелек үстел аясында аталған салаға инвестиция салу, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен медициналық қызметтерді экономикалық тұрғыдан тиімді ету мәселелері талқыланды. Бұған дейін Қазақстанның озық тәжірибесін үйрену үшін Өзбекстан мен Қырғызстанның мамандары келген болатын.

Мелитта Якаб, ДДСҰ МСАК жөніндегі еуропалық орталығы кеңесінің басшысы:

Қазақстан бұл саланы дамытуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдер арасында көш бастап тұр. Көрсетілім алаңында бірнеше маман, атап айтсам, отбасылық дәрігер, мейірбике, әлеуметтанушы және психолог сияқты мамандар бірлесе қызмет көрсетеді. Бұл әзірге баламасы жоқ бастама.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу