Ресейде мұнай бағасы құлап, инфляция шарықтап кетті
Ресейде мұнай бағасы құлап, инфляция шарықтап кетті. Мамандардың пікірінше, елде азық-түлік бағасы тағы қымбаттаған.
Индира Бегайдар, тілші:
Соңғы бір айда Ресейдің негізгі экспорттық мұнай сортының орташа бағасы барреліне 55,97 долларға дейін төмендеді. Осыған дейін оның құны барреліне 58 долларға жуық болатын. Санкция қыспағында қалған Ресейдің қара алтынына сұраныс азайып, ірі өндірушілер бас тартты. Бюджет кірісі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22 пайызға төмендеген. Осының барлығы инфляцияның шарықтауына әкелді. Азық-түлік, техника бағасы 20 пайызға өссе, әуе билеттерінің құны тағы 100 пайызға дейін қымбаттап кетті.
Илья Зотов, сарапшы:
Ұшақ рейстерінің саны қысқарды, сонымен қатар жолдардың құрылысы тоқтап, кейінге қалдырылды. Салынған санкция ұшақ билеттерінің қымбаттауына сеп болды. Сондықтан мемлекет тарапынан субсидиялау болмаса, жағдай ушығуы мүмкін.
Қаржы министрлігі шығынды жабу үшін Ұлттық қордағы алтын мен ақшаны жұмсап жатыр. Алайда ол енді бірнеше жылда таусылатынын экономиистер мойындап отыр. Жыл соңында бюджет тапшылығы рекордтық 6 трлн рубльге жетеді деген болжам бар.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07