Астанадағы ауруханада инновациялық бөлім ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы ауруханада инновациялық бөлім ашылды

19.05.2023

Бүгін Астанадағы нөмірі екінші көпсалалық қалалық ауруханада бірден бірнеше бөлім ашылды. Олардың бәрі де науқастар мен тұрғындарға инновациялық бағытпен сапалы қызмет көрсетуге арналған. Аурухананың кіре берісінде фронт-кеңсе ашылды. Мұнда тұрғындар сұрақтарына жауап алып, мамандармен кеңесе алады.

Дархан Тұрлыбеков, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы:

Мемлекет басшысының айтып кеткен концепциясына сәйкес еститін мемлекет принципі бойынша біз оны екінші қабаттан, кіре беріс жерден жалпы халықтың жиналатын, отыратын жерінен қойдық. Өйткені көп меекемелерде бұл қызметтің адамдары 2-3 қабатта орналасады.

Фармация бөлімі ашылды. Оның ерекшелігі барлық препараттар орталықтандырылып ортақ жүйеге цифрландырылған. Нәтижесінде тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсетілмек.

Тимур Мұратов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қала бойынша бұл бізде бірінші жоба. Қала бойынша бізде 9 аурухана бар. Үш ересектер мен үш балаларға арналған көпсалалы ауруханалардың барлығында осындай жүйе енгізетін жоспарымыз бар.

Ауруханада жаңа бөлімге арналған ғимараттық құрылысы басталмақ. Ол акушерлік және клиникалық блогтарды біріктіретін қабылдау хабы болмақ.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу