«Маңғыстау» қоғамдық-саяси газетіне - 50 жыл
«Маңғыстау» газетіне - 50 жыл. Сондай ақ аудандық-қалалық газеттер мен ақпараттық порталдың басын қосқан «Маңғыстау-медиа» серіктестігінің құрылғанына -10 жыл.
Салтанатты жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. Жарты ғасырлық тарихы бар газетте еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қаламы қарымды жас журналистердің еңбегі ерекше аталып өтті. Іргелі басылымның дамуына үлес қосқан мамандар «Еңбек ардагері» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды. Ал ардагер журналист Киікбай Мырзағұловқа «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Еліміздегі ұлттық БАҚ-тың атасы Қазақ газеті болса, Маңғыстау газеті де сол қазақтың жолын қуған ізбасарлардың бірі. Газетіміз өңірде қазақ тілінде ақпарат тарататын жалғыз баспа БАҚ міндетін абыроймен жарты ғасыр бойы атқарып келеді. Кәсібилігін жоғары деңгейде дамытып келе жатқан Маңғыстау медианы 10 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Темір Мыңжас, ардагер журналист:
Қай кезде де газеттің қоғамдағы ролі ерекше болып саналады. Түрлі әлеуметтік желілер болғанмен де олар тиіп-қашып айтады ғой, ана гезетте соны жіктеп, жан-жақты қылып көрсетеді. Маңғыстау газеті де сол қоғамның айнасы ғой. Ол кішкене қиындықты көрді. Сындарлы кезеңді халықпен бірге, өлкемен бірге өткізді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00