Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы отырысына Ерлан Қошанов қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы отырысына Ерлан Қошанов қатысты

18.05.2023

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Төменгі палата спикері ұйымды өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер талқыланатын, модельдік заңдар әзірленетін тиімді парламентаралық диалог алаңы ретінде көрсете алғанын атап өтті. Сонымен бірге, ол өңірдегі биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне жиналғандардың назарын аударды. Делегация басшылары сапар аясында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен және өзге де елдердің Парламент мүшелерімен кездесті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ шеңберінде Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастама көтергені белгілі. Осы бағытта біраз жұмыс атқарылуда. Біздің бастамамыз халықаралық қоғамдастық, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріміз тарапынан қолдау табатынына сенімдімін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу