Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы НАТО-мен байланыс орнатуын тоқтатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы НАТО-мен байланыс орнатуын тоқтатады

25.04.2014
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы НАТО-мен байланыс орнатуын тоқтатады
Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы Украинада болып жатқан оқиғаларға араласпайды. Себебі Украинаның саяси күштері ел тағдырын өздері шешуі тиіс.
  
 Оның айтуынша, қазір Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы кейбір шетелдік ұйымдар мен қорлардың белгілі бір мемлекеттердің заңды билігін күшпен кетіру жолындағы әрекетіне алаңдаулы.
  
 Оның үстіне Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы соңғы кездері өзінің әскери айбынын көрсету арқылы өзгелерді қорқытуға көшіп отыр.
  
 Сондықтан Николай Бордюжаның айтуынша, бұдан былай Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы НАТО-мен өзара байланыс орнату жолындағы әрекетін тоқтатады.
  
Николай Бордюжа, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының бас хатшысы: 
Енді Солтүстік Атлантикалық альянсқа қандай да бір ортақ проблеманы бірлесіп талқылайық деген ұсыныс жасамаймыз. Алайда бұл ұйым құрамындағы мемлекеттер де осындай әрекетке барады деген сөз емес. Себебі, әрбір тәуелсіз мемлекет Солтүстік Атлантикалық альянспен екіжақты қарым-қатынас орнатуға құқылы. Мәселен, бұл бағытта Қазақстан, Тәжікстан, Арменияның әріптестігі сәтті екенін білеміз. Алайда біз оған кіріспейміз. 
 
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу