Шымкентте 200-ші бүйрек ауыстыру операциясы жасалды
Шымкенттік дәрігерлер 200-ші бүйректі ауыстыру операциясын сәтті аяқтады. Бұл жолы 28 жастағы жігіт ағасына бір бүйрегін берді.
37 жастағы азамат інісі мен дәрігерлердің арқасында өмірге қайта келгендей болдым дейді. Науқас қос бүйрегі семіп қалғаннан кейін 8 ай бойы қиындық көрген. Өмірі гемо-диализге байланғандықтан ешқайда ұзап шыға алмапты. Енді мұның бәрі артта қалды. Аға-іні қос азаматтың да жағдайы жақсы. Бүгінгі таңда мегаполисте созылмалы бүйрек сырқатына шалдыққан мыңға тарта адам ағзасын ауыстырудың мүмкіндігін таппай жүр. Отандық медицина бұл азаматтардың өмірін ажалдан арашалап қалуға қауқарлы болғанымен науқастардың тағдыры донорға ғана тәуелді болып тұр.
қала тұрғыны:
Қазіргі таңда денсаулығым бірқалыпты. Денсаулық көрсеткіштері жәймендеп өз қалпына келіп жатыр. Жалпы жағдайым жақсы. Тәбетім жақсы. Дәрілер қабылдап жатырмыз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04