Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар жаңа үйлерге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар жаңа үйлерге көшеді

18.05.2023

Ақтөбе облысының Қобда, Ойыл аудандарында көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған 4 көпір, 3 бөгет және 26 су өткізу құбыры қайта салынады. 25 шақырым жол жөнделеді.

Ал Қобда ауылында баспаналары суға кеткен тұрғындарға арналған 30 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір 4 мердігер компанияның 200-ден астам қызметкері қызу жұмыс істеп жатыр. Үйлердің ауданы 100 шаршы метр. Қасбеттері кірпішпен қапталған. Барлық коммуникациялық желілер тартылған. Жауаптылардың айтуынша, тұрғындар бір апта шамасында қоныс тойын тойлайды. Бұған дейін екі ауданда тасқыннан зардап шеккен 86 отбасыға 500 мың теңгеден табысталған еді. Бүлінген ғимараттар мен өзге де нысандар толық тексерілгеннен кейін көмек беріледі.

Айдын Есмұханов, мердігер мекеме басшысы:

Ішкі жұмыстар жүріп жатыр. Терезелер толықтай салынған. Сапалы материалдар қолданып отырмыз. Айта кететіні, осы үйдің болашақ тұрғындары өздері келіп, толықтай бақылауға алып жүр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу