Қазақстандықтар енді өзге елдерден несие ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар енді өзге елдерден несие ала алады

18.05.2023

Қазақстандықтар енді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген елден несие ала алады. Ол елдің азаматтарына біздің екінші деңгейлі банктер де қызмет көрсетеді. Бүгін Сенатта азаматтардың несие тарихы туралы ақпаратты алмасу келісімі ратификацияланды.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Енді келісімге келген елдер азаматтардың несие тарихын бір біріне бере алады. Алайда бұл ортақ базаға сақталмайды. Қарыз алуға өтініш берген азаматтың немесе заңды тұлғаның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл ақпарат алаяқтардың қолына түспек үшін жасалып отыр. Несиені мақұлдау мақұлдамау туралы шешімді қаржы ұйымы өзі қабылдайды. Яғни, тұтынушының төлем қабілетіне көз жеткізуі керек.

Қарызды қайтармай қойған жағдайда өндіріп алу банктің саясатына байланысты жүргізіледі. Мәселен, біздің банктер төлем жасамай жүрген Ресей немесе Армения азаматының шоттарын бұғаттай алмайды ғой. Сондықтан әлі де қосымша келісімдер жасалуы мүмкін.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қазірдің өзінде Қазақстан банктері Экономикалық одаққа мүше 2 мың жеке тұлға мен 42 заңды тұлғаға несие берген. Олардың барлығы Қазақстанда кәсібі бар, яғни төлем қабілеті расталған азаматтар. Енді келісімнен кейін банктердің тәуекелдері азаяды. Алдағы шығарылымдарда толықтырып айтамын. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу