Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға су тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға су тапшы

17.05.2023

Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытуға су тапшы. Төрт түлік өсіріп және егін егуді қолға алған шаруалар әсіресе жазда қиналады. Аймақта Каспий теңізінен басқа жер бетінде су жоқ. Сондықтан шаруаларға құдық қаздырады. Алайда, жер астынан барлығында бірдей тұщы су шыға бермейді. Сол себепті бірқатар шаруа қожалықтары суды тасып пайдалануға мәжбүр. Тіршілік нәрінің тапшылығы көптеген шаруашылықтың дамуына төрт түлік санын арттыруға қолбайлау.

Құмар Нұрпейісова, шаруа:

Жерден қазған суымыз шықты, бірақ ащы. Осы уақытқа дейін 2600-ден құйып келдік. Тұрақты құямыз. Ертең күн ысиды ғой, шілденің уақытында суды алу деген қиын болып кетеді. Водовоз жоқ, су жоқ, су шықпай жатыр деген сияқты.

Ал ауыл шаруашылық басқармасы басшылығы су тапшылығы жуық арада шешілмейтін күрделі мәселе дейді. Себебі бірінші орында қалалар мен елдімекен тұрғындарын сумен қамту керек. Ал мал шаруашылығы үшін құдық қаздырғандарға мемлекеттен жеңілдік беріледі. Тек егін егуге субсидия жоқ. Бірақ құбырмен алған суға 85 пайыз, тыңайтқышқа 50 пайыз және тамшылатып суаруға жеңілдік қарастырылған. Қазір облыста 1500 ден астам шаруашылық бар.

Бердібек Марқабаев, Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшының орынбасары:

Құдық қазуға мал шаруашылығына жеңілдіктер бар. Жасалып жатыр. Оның жаңағы 50 бас ірі қара, ең болмаса 500 бас қой болу керек, жері болу керек өзінің. Соған байланысты 80 пайызбен құдық қазып беріп жатыр оған. Енді қазіргі таңда біздің айтып отырғанымыз егін шаруашылығына дәл осындай көмек болса дейміз.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу