Елімізде субсидияланған тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде субсидияланған тыңайтқыштарды экспорттауға тыйым салынады

17.05.2023

Үкімет елімізде өндірілетін субсидияланған тыңайтқыштарды сыртқа шығаруға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдамақ. Тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың тізімі бекітілді. Бұл шара отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр. Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты. Көктемгі дала жұмыстары кезінде шаруаларды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50 пайыз көлемінде субсидиялайды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу