Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидияны қалтаға басқан
Екпеген егістік үшін ақша алып келген. Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидияны қолды қылғандардың әрекеті әшкере болды. Олар шаруаларға таңқурай көшетінің сапалы тұқымын жеткізіп береміз деп уәде еткен. Сөйтіп қожалық иелерінің реквизиті мен құжатын пайдаланып шот-фактуралар жасайды. Артынша «тапсырыс берушілерге тауар жеткізілді» деген жалған құжатты салалық басқармаға тапсырады. Бірақ, құжаттар күдік туғызғандықтан аймақтағы экономикалық тергеу департаменті тексеріп, ешқандай егістіктің жоқтығын анықтады.
Алтынбек Тасыбаев, экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысының орынбасары:
Қаржылық құйтырқылыққа барғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қанша шаруаның зардап шеккені әлі анықталады. Бұл іс бойынша өзге ақпараттар жария етілмейді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30