АҚШ-та 780 мың адамның жұмыссыз қалу қауіпі бар
АҚШ экономикасы дефолтқа ұшырауға шақ тұр. Конгресс пен Ақ үй ұлттық қарыз межесін көтермесе үкіметінің қаржысы таусылып, жүз мыңдаған адам жалақы мен әлеуметтік төлемдерсіз қалуы мүмкін. Бірақ екі жақ бірнеше айдан бері ортақ мәмлеге келе алмай жүр. Өкілдер палатасын бақылауында ұстап отырған Республикалық партия жақында ұлттық қарыз шегін тағы 1.5 триллон долларға көтеріп, бірақ әлеуметтік шығындарды едәуір қысқартатын заң жобасын бекіткен еді. Алайда демократтар басым дауысқа ие Сенат бұл құжатты қабылдамайтынын мәлімдеді. Себебі Moody's агенттігінің есебінше, бюджетті қысқарту әлжуаз топтарды жеңілдіктерден айырады. 780 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Оның ішінде федералдық құқық қорғау органдары мен мұғалімдер бар.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18