Алматы облысында балалар арбасында қараусыз жатқан сәби табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында балалар арбасында қараусыз жатқан сәби табылды

16.05.2023

Алматы облысында балалар арбасында қараусыз жатқан сәби табылды.

Нәрестені Үлкен Алматы айналма жолының 5-шақырымында сол жерден өтіп бара жатқан жолаушылар кезіктірген. Олар шамамен 40 минуттай айналаны кезіп, бөбектің жақындарын іздеген. Таба алмаған соң, құзырлы органдарға хабарлаған.

Полиция департаменті көп ұзамай баланың анасын тапты. Анасы бұл әрекетін «байланыс нашар болған соң телефонмен сөйлесу үшін қарсы бетке өтіп кеттім» деп түсіндірген. «Отбасы мүшелері бұған дейін тәртіп бұзбаған, есепте тұрмайды» деп қосты полиция.

Әйелге өз міндетін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу