Арслан Құрманбеков «Айбын» орденімен наградталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арслан Құрманбеков «Айбын» орденімен наградталды

16.05.2023

Мемлекет басшысының Жарлығымен Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбеков қызмет бабындағы жанқиярлық ерлігі үшін ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

Естеріңізге сала кетейік, 8-мамыр күні Іле-Алатау Ұлттық табиғи паркінен өрт шықты. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілердің бірі азаматтық қорғау сержанты Құрманбековке жанып жатқан ағаштың діңі құлап, ауыр жарақаттан көз жұмған еді. Ол Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан еңбек етіп келген.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу