Президент Режеп Тайип Ердоғанды сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Режеп Тайип Ердоғанды сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады

15.05.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады. Мемлекет басшысы бауырлас елдегі парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті. Сондай-ақ қос президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу