Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

01.08.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары бірін-бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.  Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте көмек қолын созғаны үшін түрік елінің басшысына алғыс айтты. Тараптар індетпен күресте бірігіп күш жұмылдыруға уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. 

Аман Сейітхан

Хабарламаларға жазылу